Таразда граната жұмысшының қолында жарылып кетті

26.01.2022 21:41

Ер адам табылған шулы жарық гранатасын ұстаған, сол кезде ол жарылып кеткен

ru.sputnik.kz

Тараздағы полиция ғимаратын тазалау кезінде шулы жарық гранатасы жұмысшының қолында жарылды. Оны шұғыл қалалық ауруханаға жатқызды, деп хабарлайды Almaty.tv  тілшісі Sputnik сайтына сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, қазіргі кезде полиция басқармасының айналасында тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. 4-6 қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде ғимарат қатты зақымданған. Оны қалпына келтіруге мердігер компания тартылды. Осы мекеменің жұмыскері шулы жарық гранатасын тауып алған.

"Ол қауіпсіздік техникасын сақтамаған. Граната жарылып, бірнеше саусағын жұлып кеткен. Жұмыскер шұғыл Тараз қаласы ауруханасына жеткізілді", - дейді полицейлер.

Олардың айтуынша, ғимаратты қалпына келтіру жұмыстары басталмас бұрын мердігер компаниялар мен қызметкерлерге қару-жарақ, оқ-дәрі және арнайы құралдар табылған бойда кезекші полицейлерге хабар беру қажеттігі туралы ескертілген.

Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 156-бабы, 2-бөлігі бойынша тергеу шаралары басталды. Оған сәйкес, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, 200 АЕК-ке (612 600 теңге) дейiнгi мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстары немесе 200 сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тарту не 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу жазасы қарастырылған.