Сот-медициналық сараптама тағайындалды
Ақмола облысында құрылысшы тоққа түсіп көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 20 маусым күні Есіл аудандық ПБ кезекші бөліміне жедел жәрдем станциясының фельдшері хабарласып, жаңадан салынып жатқан нысандардың бірінде жұмысшыны тоқ соғып, көз жұмғанын айтты.
«Анықталғандай, көз жұмған адам Көкшетау қаласының 33 жастағы тұрғыны. Есіл қаласында құрылыста жұмыс істеген. Оны бетон араластырғыш машинаны тазалау кезінде тоқ соққан», - деді ведомстводан.
Полиция департаментінің баспасөз қызметінен атап өткендей, қазіргі кезде, осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 156-бабының 3-бөлігі «қауіпсіздік техникасы ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.