Сараптама тағайындалды
Ақмола облысында жол апатынан бір отбасы қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 14 тамызда Көкшетау-Рузаевка автожолында болған.
"Lexus LS 430 көлік құралы мен DAF бензин тасығышының арасында бетпе-бет соқтығысу болғаны анықталды. Апат салдарынан жеңіл автокөлік өртеніп кетті. Оқиға орнында 42 жастағы Lexus-тың жүргізушісі, оның жұбайы мен баласы қайтыс болды. Жанармай көлігінің жүргізушісі әртүрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды", - делінген хабарламада.
ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалды.
Оқи отырыңыз: Алматы базарындағы өрттің шығу себебі анықталып жатыр