Ақтөбеде көлік қағып кеткен зейнеткер көз жұмды

10.11.2021 21:33

Жыл басынан бері облыс аумағында жаяу жүргіншілердің қатысуымен 152 жол-көлік оқиғасы тіркелді

inform.kz

Ақтөбеде зейнеткерді көлік қағып кетті. Ол ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Оқиға 9 қараша күні сағат 15.40-та тіркелді. «Lada Kalina» маркалы автокөлігінің 23 жастағы жүргізушісі Арынов көшесіндегі «Домострой» сауда үйіне қарама-қарсы бағытта 74 жастағы зейнеткерді қағып кетті.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші Ақтөбе қаласының жедел медициналық көмек ауруханасына жеткізілді. Зейнеткер жансақтау бөлімінде көз жұмды. Қылмыстық кодекстің «Жол қозғалысы ережесін бұзу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», деді облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов. 

Жыл басынан бері облыс аумағында жаяу жүргіншілердің қатысуымен 152 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Онда 14 адам қаза тауып, 141 адам түрлі дене жарақатын алды.