Жамақаев пен Үшкемпіров көшелері арқылы айналып өтуге болады
Қаппаров көшесіндегі аумаққа орташа жөндеу жүргізуге байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Almaty.tv.
18 шілдеде сағат 23:00-ден 19 шілдеде сағат 06:00-ге дейін Үшкемпіров көшесінен «Сұңқар» шаңғы трамплиндері кешеніне дейінгі учаскеде қозғалыс жабылады.
Жамақаев пен Үшкемпіров көшелері арқылы айналып өтуге болады.
Жөнделетін учаскеде ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты жазылған стендтер қойылады. Маршрутты алдын ала жоспарлауды сұраймыз.
Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS сервистерінде жазылған.
Оқи отырыңыз: Алматыда 18 көше жөнделеді