Батыс Қазақстан облысында автокөлік 4 жылқыны қағып өлтірді
Almaty.tv
Қазіргі уақытта тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Батыс Қазақстан облысында автокөлік 4 жылқыны қағып өлтірді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оқиға кешкі сағат 22.00 шамасында Орал – Атырау тасжолында, Ақжайық ауданы Тайпақ ауылы тұсында болған. 30 жастағы жүргізуші «Ford Transit» автокөлігімен еркін жайылып жүрген 4 бас жылқыны қағып кеткен. Жүргізуші зардап шеккен жоқ.
Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары бұл іске тексеріс жүргізіліп, малдың иесін анықтап жатыр.
«Жануарлардың иесі анықталған кезде ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 408-ші бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылатын болады», – деді БҚО ПД баспасөз қызметкері Лунара Аманғалиева.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
03.11.2026 12:40
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
03.11.2026 08:11
SU LAB Street: Алматыда жаңа ғылыми зертханалар көшесі ашылды
02.11.2026 13:10