Есірткі қолданған: Алматыда құжатсыз көлікпен жүрген 22 жастағы жігіт ұсталды

Есірткі қолданған: Алматыда құжатсыз көлікпен жүрген 22 жастағы жігіт ұсталды
Медициналық сараптама барысында жүргізушінің есірткі қолданғаны анықталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда есірткінің буына елтіп, қала көшелерінде еш құжатсыз көлікпен жүрген жігіт ұсталды, деп хабарлайды қаланың Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тимирязев пен Розыбакиев көшелерінің қиылысында полицейлер Subaru жүргізушісін тоқтатқан. Жас жігіттің жүргізуші куәлігі, не көліктің ешбір құжаты жоқ болып шыққан. Сондай-ақ, жүргізушінің жүріс-тұрысы да күдік туғызған.

«Медициналық сараптама барысында жүргізушінің есірткі қолданғаны анықталды. Жас жігіт бір апта бұрын аса күшті және әсері ұзақ сақталатын «трамадол» деген есірткі затын қолданғанын айтты», – деді жол-патруль полкінің командирі Манап Саттаров.

1997 жылы туған жүргізушіге қатысты ҚР ӘК 608 бабы, 1 бөлігі бойынша хаттама толтырылып, көлігі айып тұрағына қойылды.

Новости партнеров