Энергетикалық класы - 8.7
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жерасты дүмпуі 14 қараша күні Алматы уақытымен сағат 12 сағат 51 минутта болған.
«Зілзала ошағы Алматыдан сотүстік-шығысқа қарай 170 шақырым қашықтықта, Қазақстан аумағында орналасқан. Энергетикалық класы - 8.7. MPV магнитудасы – 4.0. Тереңдігі – 5 шақырым. Жер сілкінісінің сезілгені жайлы мәлімет жоқ», - делінген кезекші оператордың хабарламасында.