Мекеме бастығының екі орынбасары жұмыстан босатылды
Сотталушыларды ұрып-соққан түрменің 7 қызметкері қамауға алынды. Қазір олардың өздері тергеу абақтысында отыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Әлеуметтік желіде мына жантүршігерлік видео тараған соң, Заречный кентіндегі ЛА-155/8 түзету мекемесінде қызметтік тексеріс жүргізілген болатын. Комиссияны елдің бас полицейі Ерлан Тұрғымбаевтың өзі бастаған еді. Нәтижесінде 14 лауазымды тұлға жауапқа тартылыпты. Оның ішінде колония басшысы мен қос орынбасары бастаған 7 қызметкер ішкі істер органдарынан қуылды. Ал жазасын өтеп жатқандарды тепкіге алған жеті қызметкер бірден қамалған.