"Павлодарэнерго" АҚ баспасөз қызметі жылумен қамту желісі жарылғанын нақтылады
Бүгін Павлодар қаласының Қамзин мен Малайсары батыр көшелерінің қиылысында жылу құбыры жарылды, асфальт астынан су бұрқағы атылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
"Павлодарэнерго" АҚ баспасөз қызметі жылумен қамту желісі жарылғанын нақтылады.
"Ақауды жою үшін 11 жеке тұрғын үй, 3 әлеуметтік нысан және 2 денсаулық сақтау нысанында жылу беру уақытша тоқтатылды", – деп хабарлады компания өкілдері.
Кешкі сағат 17.00-ге дейін ақау салдары жойылып, жылу беріледі деп болжанып отыр.
Оқи отырыңыз: СҚО-да 600-ге жуық тұрғын қарды ерітіп, ішуге мәжбүр