Астанада әйелдерді тонаумен айналысқан деген күдікпен 4 азамат ұсталды

Астанада әйелдерді тонаумен айналысқан деген күдікпен 4 азамат ұсталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астанада ұрлық жасаумен айналысқан 4 жігіт ұсталды. Бұл туралы Астана қаласы Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Софья Қылышбекова мәлімдеді.

Белгілі болғаны, 4 адамнан тұрған қылмыстық топ тек әйел адамдардың сөмкелері мен ұялы телефондарын тонаған. Олар арам ойларын кешкі уақытта, адам жоқ жерде іске асырып отырған.

«Тонау жасалды деген күдікпен 4 қаскөй қолға түсті. Қазіргі таңда олар уақытша қамау изоляторына қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Анықталғандай, 4 фактіге қатысты іс тексеріліп жатыр. Сонымен қатар, ұсталған азаматтардың бұрын да жасалған осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде», – деді Астана қаласы ПД ресми өкілі Софья ҚЫЛЫШБЕКОВА.

Ұсталған жігіттердің жасы 20 мен 25 жас аралығында. Тәртіп сақшылары оларды осыған дейін де қылмыстық әрекет жасаған болуы мүмкін дейді. Зардап шеккендер болса Астана қаласының Полиция департаментіне немесе 102 телефон нөмірлері бойынша хабарласуларын сұрайды.


Новости партнеров