Ақсуда иесі бар итті атып кеткен мал дәрігері жауапқа тартылды

22.01.2023 21:36

Бұл факті полицияда тіркелген

pixabay/asommerh

20 қаңтарда Ақсу қаласы Қалқаман ауылының полиция бөліміне әйел адам өзінің итін ұйықтатып тастаған белгісіз адамға шара қолдануды сұраған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі  polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл факті полицияда тіркелген. Учаскелік полиция инспекторы материалды пысықтау барысында 18 қаңтарда Ақсу қаласының ветеринария бөлімі ауыл тұрғындарының арызы бойынша қаңғыбас иттерді (дротикпен ату) атқанын анықтады.

"Осы факті бойынша полиция оқ атқан 24 жастағы мал дәрігеріне қатысты ӘҚБтК-нің 407-2 бабы бойынша әкімшілік іс қозғады. 20 АЕК (69 мың теңге) көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ арызданушы материалдық шығынды өндіру мәселесі бойынша сотқа азаматтық іс жүргізу тәртібімен жүгінуі қажет", – дейді Павлодар облысы Ақсу қалалық полиция бөлімінің бастығы Дәулет Молдабаев.