Ақтауда көлік аударылып, салдарынан үш адам зардап шекті

25.12.2022 21:36

Көлік айып тұрағына қойылды

Куәгерлер түсірген сурет

Ақтауда жол апатынан үш адам зардап шекті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

"Ботаникалық бақ пен 11А ықшамауданы арасындағы жол апаты туралы "102" кезекшісіне 25 желтоқсанда сағат 02.30-да қоңырау түсті. Mercedes Benz көлігінің 27 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай, көлік аударылып, бағанаға соғылған", - делінген ПД хабарламасында.

Жол уақытша жабылғаны айтылды. Жол апатынан үш адам зардап шеккені белгілі болды. Олар Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілген. Тексеруден кейін зардап шеккендердің бірі үйіне жіберілді.

Көлік айып тұрағына қойылды.