Ақтөбелік жігіт әйелге кірпіш ала жүгірді

31.08.2023 в 21:36

Әйелге әлімжеттік көрсеткен ер адамға әкімшілік хаттама толтырылды

Әлеуметтік желіде әйелге әлімжеттік көрсеткен ер адамның бейнежазбасы тарады. Кадрға ер адамның әйелді кірпішпен қуалағаны түскен, - деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Полицейлер осы бейнежазбаға түсініктеме берді.

-29 тамыз күні сағат 17:00 шамасында Ақтөбе облысы Шалқар қаласы Желтоқсан көшесінің бойында 32 жастағы Шалқар қаласының тұрғыны қоғамдық орында азаматшаны балағаттап қоғамдық тәртіпті бұзған, – деп хабарлады полиция қызметі.

Бұл дерек бойынша Шалқар қаласының тұрғынына ҚР ӘҚБтК-нің 434 бабы 1-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылған.

Күдікті Шалқар ауданы полиция бөлімінің арнайы бөлмесіне уақытша қамалды.

Оқи отырыңыз: Алматыда ер адам №135 автобус жолаушыларын пышақпен қорқытты