Жамбыл облысында жолаушылар автобусы өртенді

01.03.2024 20:36

Оқыс оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ

Almaty.tv

Жамбыл облысындағы республикалық маңызы бар Алматы-Ташкент тасжолында жолаушылар автобусы өртеніп кетті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оқыс оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ. Оқиға орнына 9 құтқарушы мен 2 техника 20 минутта жеткенімен, лаулаған жалын автобусты түгелдей шарпыған. «Өрттің алдын ала себебі - электр сымдарының қысқа тұйықталуы», - дейді төтеншеліктер.

«Лаулаған жалын автобусты түгелдей шарпыған. Өрт сағат 03:40-та тоқтатылды. Зардап шеккендер жоқ», – деді облыстық ТЖД басқарма бастығы Алмас Жұматаев.

Оқи отырыңыз: Алматылықтар 7 балдық жер сілкінісіне дайын ба