ШҚО-да жүк пойызы рельстен шығып кетті

facebook.com/ktzh.kz
facebook.com/ktzh.kz
Оқиғадан ешкім зардап шекпеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шығыс Қазақстанда теміржолда тағы бір төтенше жағдай болды: цемент тиелген бес вагон рельстен шығып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 8 сәуір күні сағат 10.35-те Алтай – Күмістау теміржол учаскесінде болған.

Бір вагон "КузбассТрансЦемент" ЖШҚ (Ресей Федерациясы) меншігі болса, қалғаны "Каспий Цемент" ЖШС-ге (Қазақстан Республикасы) тиесілі. Пойыз 28 км/сағ баяу жылдамдықпен жүрген.

Оқиғадан ешкім зардап шекпеді. Жолаушылар және жүк пойыздары кідірген жоқ.

Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Вагондардың рельстен шығу себептері анықталады.

Еске салсақ, бұған дейін Өскемен-Күмістау теміржол учаскесінде жүк тиелген 18 вагон рельстен шығып кеткен болатын.

Новости партнеров