Алматыда баласы әкесін пышақтап өлтірді

03.05.2019 21:38

Әкесі мен ұлы бірігіп ішімдік ішкен

Алматыда ұлы туған әкесіне пышақ салды. Жарақат алған әкесі ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қайғылы оқиға Түрксіб ауданы Орджоникидзе көшесінің бойындағы жекеменшік үйлердің бірінде болған.

«Әкесі мен ұлы бірігіп ішімдік ішкен. Оның соңында масайған екеуі сөзге келіп қалған. Сол сәтте баласы әкесінің кеуде тұсынан екі рет пышақ салған. Жарақат алған адам ауруханада көз жұмды. Іздестіру жұмыстарынан соң күдікті ұсталды. Ол бұрын да сотталған. Өз кінәсін толық мойындады. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр», - деді Түрксіб аудандық Полиция басқармасының басшысы Думан Аухадиев.  

Теги: сын