Елдің Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі жағдайды зерттеп жатқанын айтты
Gazeta.uz ақпаратына сәйкес, 15 тамызда кешке Ауғанстан әуе күштерінің сәйкестендіру белгілері бар ұшақ Сурхандарья облысының Шерабад ауданында апатқа ұшырады. Ғаламторда апатқа ұшыраған ұшақтың бөліктері мен зардап шеккендердің фотосуреті тарады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Egemen.kz-ке сілтеме жасап.
Елдің Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі жағдайды зерттеп жатқанын айтты.
Газет дереккөзінің хабарлауынша, екі ауған сарбазы ауруханаға жатқызылған.
Кейбір ақпарат көздерінің айтуынша, ұшақтағылар парашютпен секіріп үлгерген.
Айта кетейік, 14 тамызда Өзбекстан шекарадан өткен 84 ауған әскери қызметшісін уақытша қабылдап, оларға медициналық көмек көрсетті.