Ақтөбеде бір ауладағы екі үй жанып кетті

23.05.2019 21:40

Төтенше жағдай кезінде қаза тапқандар жоқ

Ақтөбеде қаланың ескі бөлігінде бір аулада орналасқан екі үй жанып кетті, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Төтенше жағдай кезінде қаза тапқандар жоқ.

Кеше Ақтөбе қаласындағы Екпінді 40 мекенжайында жеке баспана мен салынып жатқан екі қабатты үй өртеніп кетті.

«Жалынды өшіруге 39 қызметкер мен 7 техника жұмылдырылды. Сағат 14.44-те өрт тұйықталып 14.53-те сөндірілді. Жалпы 117 ш.м. аумақты қамтыды. Қазіргі таңда оттың шығу себептері мен келтірілген шығындар анықталуда», — деп хабарлады Ақтөбе облысы бойынша ТЖД баспасөз қызметі.