Алматы – Тбилиси бағытында әуеге көтерілген ұшақ қайта қонуға мәжбүр болды

10.08.2021 21:40

Зардап шеккендер жоқ

Алматы-Тбилиси бағытында әуеге көтерілген ұшаққа найзағай түсті. Оқиға кеше болған. Бұл туралы жолаушылардың әлеуметтік желідегі парақшаларында жарияланған еді, деп хабарлайды Almaty.tv

«Эйр Астана» әуе компаниясы өкілдерінің хабарлауынша, аталған жайттың болу ықтималдығынан ұшақ жерге қонған. Зардап шеккендер жоқ. Ал, бортты ауыстырғаннан кейін, жолаушылар белгіленген жерге қайтадан ұшып кеткен.

Теги: Air Astana