Қаза тапқан екі азамат – 9 сынып оқушылары
Қызылорда облысында 2 жасөспірім суға кетіп, көз жұмды. Қайғылы оқиға 1 маусымда қала маңындағы саяжайлардың бірінде болған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Кейіннен анықталғандай, 15 және 16 жастағы екі азамат Сырдария өзеніне шомылуға барған. Ал құтқару қызметіне сағат 18:27-де хабар түсті. Оқиға орнына жедел құтқару жасағы жұмылдырылып, құтқарушылар суасты іздестіру жұмысына кіріскен.
Айта кетейік, қаза тапқан екі азамат - 9-сынып оқушылары. Биыл өңірде суға кетудің 8 дерегі тіркелсе, бұл - төртінші баланың өлімі.
– Бірінші баланың мәйітін жағадан 40 метр жерде 3 метр тереңдіктен тапты. Екінші баланың мәйіті жарты сағаттың көлемінде 30 метр жерден 4 метр тереңдіктен табылды. Негізі төрт бала болған. 4 бала иірімде суға түскен, – деді ТЖД Жедел-құтқару жасағының басшысы Бақыт Ембергенов.
Оқи отырыңыз: Қайықпен кеткен екі адамның біреуі ғана табылды