Павлодар облысында екі бала суға кетті

06.07.2023 21:40

Балалардың заттары жағадан табылды

shnyagi.net

Қайғылы оқиға Екібастұз қаласына қарасты Бәйет ауылында болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 5 шілдеде Бәйет ауылында 6 және 7-сыныптың екі оқушысы сағат 18:00-де үйден каналға қарай шығып, жоғалып кеткен.

Жақын жерде ата-аналары мен басқа ересектер болмаған. Балалардың заттары жағадан табылды. Құтқарушылардың күшімен денелері табылып, судан шығарылды, – деді департамент өкілдері.

Шомылу маусымы басталғаннан бері үш адам суда батып кетті.

Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері судағы қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздығы туралы еске салады.