Алдын ала болжам бойынша, уытты газ үйдің жертөлесінде жұмыс істеп тұрған генератордан шыққан
Қарағанды қаласында генератордың ақауы салдарынан 7 адам иіс тиіп уланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 16 қаңтар күні сағат 20.45-те Қарағандыдағы Кемеровская, 97 мекенжайынан (5 қабатты үй) белгісіз газға уланған 67 жастағы әйел ауруханаға жеткізілді.
Сондай-ақ тағы 6 адам медициналық көмекке жүгінген. Алдын ала болжам бойынша, уытты газ үйдің жертөлесінде жұмыс істеп тұрған генератордан шыққан.