Қозғалыс 16 тамыз бен 19 тамыз аралығына дейін жабылады
Алматының Түрксіб ауданында жылу желісіне жөндеу жұмысын жүргізу үшін Сүйінбай даңғылының бойындағы учаскенің бірінде көлік қозғалысы уақытша жабылады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-ға сілтеме жасап.
Алматы қаласы Түрксіб ауданында Сүйінбай даңғылының бойымен 16 тамыз (жұма) сағат 23:00-ден 19 тамыз (дүйсенбі) таңғы сағат 06:00-ге дейін екі бағытта да автокөлік қозғалысы жабылады.
Уақытша шектеулер белгіленген көше бөлігінің жол бөлігінің астынан өтетін магистралдық құбыр учаскесін жаңғырту жөніндегі жоспарланған жұмыстың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін енгізілгелі отыр.
57 жыл бұрын (1967 жылы) пайдалануға берілген, жалпы ұзындығы шамамен 0,7 шақырымды құрайтын жаңғыртылатын жылу магистралі жылу энергиясын жергілікті қазандықтан мегаполистің солтүстігіндегі аталған секторда орналасқан тұрғынүй мен басқа да ғимаратқа жеткізуді қамтамасыз етеді.
Уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауды және бұл аумақты айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруды сұраймыз.
Еске сала кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram-арнасында, аудан әкімдіктері мен басқармаларының әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ «2GIS» және «Яндекс карталары» сервистерінде орналастырылған.