Ол жалпы қамқорлығы үшін 500 мың теңге сомасында пара алу күдігіне ілінді
Қызылорда облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бөлім басшысы сыбайлас жемқорлық қылмысын жасау күдігіне ілінді. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің аға тергеушісі Қайсар Баржақсынов айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Оның атап өтуінше, Қызылорда облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі аталған өңірдің полиция департаменті өзіндік қауіпсіздік басқармасымен бірлесіп, есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бөлім басшысы сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағанын әшкереледі.
«Ол жалпы қамқорлығы үшін 500 мың теңге сомасында пара алу күдігіне ілінді. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жарияланбайды», – деді ол агенттіктің баспасөз қызметі алаңында өткен брифингте.