1996-1997 жылғы тағы үш жігіт ауыр жарақат алуына байланысты қаза тапты
Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен - Қызылсай тасжолында жеңіл автокөлік пен трактор соқтығысып, үш адам қаза тапты, тағы бір адам ауыр халде ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды tumba.kz.
Жол апаты 1 ақпанда таңғы уақытта болған.
«103 қызметінің кезекші пультіне 07:36-да хабар түскен. Жедел жәрдем қызметі 07:38-де оқиға орнына аттанды. Екі бригада шықты. Төрт адам зардап шеккен. 22 жастағы жігіт «миы жабық түрде зақымдалған және шайқалған» деген диагнозбен Жаңаөзен қаласындағы көпсалалы ауруханаға жеткізілген. 1996-1997 жылғы тағы үш жігіт ауыр жарақат алуына байланысты қайтыс болған», - деді Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің өкілдері.