Өскеменде заңсыз алкоголь өндірген тұрғын ұсталды

27.09.2021 21:55

Тексеріс кезінде 1 және 5 литрлік ыдыстарға құйылған 2 тонна алкоголь мен бос контейнерлер тәркіленді

Өскемен қаласында заңсыз алкоголь өндірген 56 жастағы тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі

Полиция қызметкерлері жергілікті гараждардың бірінде жедел іс-шара өткізіп, спиртті ішімдік дайындайтын астыртын цехтың жолын кесті.

Тексеріс кезінде 1 және 5 литрлік ыдыстарға құйылған 2 тонна алкоголь мен бос контейнерлер, қақпақтар тәркіленді. Ал күдіктінің спирттік өнімдерді сақтауға және өткізуге қандай да бір рұқсат құжаттары болмай шыққан.

Қазір аталған факт белгіленген тәртіпке сай тіркеліп, жиналған материалдар уәкілетті органға жолданды.