Полиция бөлімінде әйел адам мұндай әрекетке күйзелістен барғанын айтқан
Таразда өмірден түңілген 22 жастағы қыз көпірден секірмек болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары қызды өз-өзіне қол жұмсау әрекетінен құтқарып қалған. Полиция бөлімінде әйел адам мұндай әрекетке күйзелістен барғанын айтқан. Қазір онымен психологтар жұмыс жасап жатыр.
«22 жастағы қала тұрғынын Тараз қаласы полиция басқармасына патрульдік полиция батальоны Абдрахманов Айдын пен полиция аға-лейтенанты Миребилдаев Рауан алып келді. Ол өзінің күйзелісте болғанын және суицидке бел буғанын айтқан», – деді Тараз қалалық ПБ бастығы Асылхан Заурбеков.