Түркістан облысында 8-сынып оқушысының денесі кәрізден табылды

22.12.2021 в 21:41

Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр

Түркістан облысының полицейлері жоғалған баланың денесін ауладағы кәрізден тапты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ордабасы аудандық ішкі істер бөліміне Шұбарсу ауылының тұрғыны арызданған. Оның айтуынша, 18 желтоқсанда кәмелетке толмаған ұлы, 8-сынып оқушысы жоғалып кеткен. Ер адам баласы үйінен белгісіз жаққа шығып кетіп, оралмағанын айтты.

"Жедел іздестіру шаралары барысында полицейлер өз үйінің ауласындағы кәрізден 14 жастағы жасөспірімнің мәйітін тапты. Болжам бойынша жасөспірім септикке құлап, қаза болған. Сараптамалар тағайындалды", – делінген облыстық ПД баспасөз қызметінде.

Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.