Алматыда жол-көлік оқиғасынан екі адам қаза тапты

10.02.2020 21:42

Қатты келе жатқан Лексус бетон таситын алып миксердің бүйірінен соққан

123ru.net

Жантүршігерлік апат Розыбакиев көшесінде Байқадамов көшесіне таяу жерде орын алған. Солтүстік бағытта үлкен жылдамдықпен келе жатқан Лексус маркалы жеңіл көлік бетон таситын алып миксердің бүйіріне келіп түйіскен, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Әлеуметтік желіге тараған видеода құтқарушылар жеңіл көліктен адамдарды шығарып жатқан сыңайлы. Апат салдарынан екі жолаушы оқиға орнында тіл тартпай кетті. Жүргізуші ауруханада. Полиция мән-жайды анықтап жатыр.