Ақмола облысына қарасты Бестөбе кенішінде заңсыз қазбамен айналысқан тағы бір ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алғашында 3 азамат 600 метр тереңдікте жұмыс істемей тұрған шахтаға түскен. Салдарынан 1 адамды сол жерде тас басып, қайтыс болса, екіншісі ауыр жарақат алған. Үшеуінің де осыған дейін күзетілетін нысандарға заңсыз кіргені үшін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды.
«Олар 5 шілдеде заңсыз алтын өндіру үшін шахтаға түскен. Кейін 24 шілдеде 1980 жылы туған азамат тастың астында қалып, оқиға орнында қайтыс болған. Екіншісі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Ал үшінші азаматқа әкімшілік құқық бұзушылықтың 506-бабына сәйкес хаттама толтырылды», – деді облыстық полиция департаментінің өкілі Әсем Әбдірахманова.