Мас күйде көлік жүргізгені үшін әкімшілік қамау мерзімі 30 тәулікке ұзартылды
Мас күйде көлік жүргізгендер енді 10 жылға сотталатын болды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Мас күйінде көлік жүргізгені үшін әкімшілік қамау мерзімі 30 тәулікке ұзартылып, көлік айдау құқығынан айыру мерзімі сегіз жылға ұзартылды. Бұрын мас күйде көлік жүргізіп, жүргізуші куәлігінен айрылғандар рөлге тағы ішімдік ішіп отыратын болса, енді кешірім болмайды.
Ондай қылмыс жасаған адам 10 жылға бас бостандығынан және өмір бойы көлік басқару құқығынан айырылады.
Айта кету керек, өзгерістердің бәрі «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» жаңа заң жобасында көрсетілген.