Алматы облысында мас жүргізуші қағып кеткен оқушы қыздардың біреуі қайтыс болды

14.03.2021 21:43

9 жасар қыздың өмірі үшін дәрігерлер 12 күн күрескен

azh.kz

Алматы облысының Еңбекшіқазақ аудандық ауруханасында мас жүргізуші қағып кеткен төрт оқушы қыздың бірі қайтыс болды. Бұл ақпаратты облыстық денсаулық сақтау басқармасы растады, деп хабарлайды Almaty.tv.

9 жасар қыздың өмірі үшін дәрігерлер 12 күн күрескен. Өкінішке қарай оқушының алған жарақаты тым ауыр болғандықтан жүрегі тоқтаған. Ал ауруханада жатқан екінші қыздың жағдайы өте ауыр, комадан есін жимапты. Ол жасанды желдету аппаратына қосылған.

Ал үшінші оқушы облыстағы балалар ауруханасында әлі ем алып жатыр. Еске салсақ, оқиға наурыздың екісі күні болған еді. 54-жастағы Қорам ауылының тұрғыны ащы суға сылқия тойып мектептен қайтқан оқушыларды қағып кеткен болатын.