Қан кеткен нәрестені жедел жәрдем ауруханаға жеткізген, деп жазады SN.KZ.
Адам шошырлық жайт Волгоградтағы жатақханалардың бірінде болған.
Ішімдікке тойып алған 49 жастағы ер адам нәрестенің анасы дүкенге кетіп қалғанда 9 айлық сәбиді әбден қорлап, кейін зорлаған.
Дүкеннен келген анасы баласының қатты жылағанын көріп, жанына келген. Сол кезде сәбидің астынан тоқтамай қан кетіп жатқанын аңғарған.
Көршісі полиция шақыртамын дегенде анасы алғашында қарсылық көрсетіп, келіспеген. Алайда құқық қорғаушыларға хабар жетіп, олар зорлық көрсеткен ер адамды сол жерде тұтқындады.