Әлеуметтік желідегі кадрларда ғимараттың шатыры жанып жатқаны көрінеді
Ақтаудағы "Флоренция" жаңа тұрғын үй кешенінде өрт шықты. Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті жағдайға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Әлеуметтік желідегі кадрларда ғимараттың шатыры жанып жатқаны көрінеді.
Төтенше жағдай қызметі 50 адамды қауіпсіз жерге көшіріп, зардап шеккендердің жоқтығын айтты.
"Қазір зардап шеккендер жоқ. Барлық мемлекеттік органдар жұмыс істеп жатыр", - деді министрліктің баспасөз қызметі.
Кейін департамент өрт туралы хабарлама сағат 15.08-де түскенін айтты.
"Өрт үйдің 500 шаршы метр шатырында шыққан. Қазір оқиға орнында 80 өрт сөндіруші мен арнайы техника жұмыс істеп жатыр. Эвакуациялау кезінде ғимараттан 100 адам шығарылды, оның 20-сы балалар", - деп қосты министрлік.