Өскемендегі кәсіпорында екі жұмысшы көз жұмды

08.11.2021 21:46

Олардың неден мерт болғаны анықталып жатыр

ҚазАқпарат

Өскемен қаласындағы кәсіпорында екі жұмысшы қаза болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 5 қараша Өскемендегі кәсіпорындардың бірінде екі жұмысшы көз жұмған. 

«Қалалық полиция басқармасы Ертіс полиция бөлімі абайсызда екі адамның өліміне әкеп соқтырған еңбекті қорғау ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Қазіргі уақытта тиісті сот-медициналық сараптамалар тағайындалған. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері жария етілмейді»,– деп хабарлады ведомство өкілдері. 

Марқұм болған ер адамдар – 28 және 20 жаста. Олардың неден мерт болғаны анықталып жатыр. 

Естеріңізге сала кетсек, 7 қараша күні Қарағанды облысының Абай шахтасында 6 кенші көз жұмған болатын.