Бала 16 сәуір күні қайтыс болған
Ақсай қаласында тоғызыншы қабаттан құлап кеткен үш жасар бала көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, ұл бала 16 сәуір күні қайтыс болған. Оқыс оқиға 8 сәуір күні орын алды.
2015 жылғы бала Бөрлі аудандық ауруханасының жансақтау бөлімінде сегіз күн бойы есін жимай жатып, қайтыс болды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ақсайда үш жасар баланың тоғызыншы қабаттың балконынан құлап кеткенін жазған болатынбыз.