Полиция қызметкерін көлігімен сүйреген жүргізушіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды

14.04.2021 21:47

Көлігі айып тұрағына қойылды

qazaly.kz

Жетісайда жол полицейін көлігімен 30 метрдей сүйреген жүргізуші заң алдында жауап береді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Әу баста тәртіп сақшылары автокөлігінің терезесін күңгірттеп алған жүргізушіні тоқтатқан. Полицейлер ер адамға бұл әрекетінің заңға қайшы екенін түсіндіріп, оған хаттама толтырады. Осыдан соң жүргізушіден терезені күңгірттеп тұрған қабыршақты алып тастауды сұраған. Ал көлікті тізгіндеген ер адам полицейдің жақын тұрғанына қарамастан көлікті айдай жөнеліпті. Осылайша тәртіп сақшысын 30 метрге дейін сүйреп кеткен. Мұның бәрі полицейдің кеудесінегі бейнежетонға түсіп қалды. 

Қазір жүргізушіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталып, көлігі айып тұрағына қойылды.