Bek Air бортымен сөйлесудің жазбасы пайда болды

27.12.2019 21:48

Сөйлесуден әуе кемесінің ұшуға штаттық режимде дайындалғаны байқалады

РЕН ТВ арнасының иелігінде диспетчерлермен бүгін таңда Алматы маңында апатқа ұшыраған Bek Air әуекомпаниясының Fokker 100 жолаушылар лайнерімен сөйлесуінің жазбасы пайда болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Сөйлесуден әуе кемесінің ұшуға штаттық режимде дайындалғаны байқалады. Диспетчерлер Fokker 100 ұшағына ұшу-қону жолағына бұрып, ұшуға рұқсат берген, содан кейін олармен байланыс үзілген.

Сондай-ақ, ұшу-қону жолағына Нұр-Сұлтанға дейін баратын Air Astana әуекомпаниясының 671 рейсінің басқа ұшағы келуі тиіс еді. Әуежай қызметкерлері оларды күте тұруын сұраған: Fokker ұшағының қайда екені анықталмаған.

Диспетчерлермен экипаждың соңғы сөйлесуінің жазбасы:

"БекЭйр 2100, жел 040 градус, 05 оң жақ, ұшуға рұқсат беремін", - дейді диспетчер.

"05 оң жақ, 2100, күніңіз сәтті өтсін!" - деп жауап береді ұшқыш.

"Жолыңыз болсын!" - деп қоштасады мұнара.

Сосын диспетчер бірнеше рет ұшып шыққан бортқа нәтижесіз хабарласады:

"БекЭйр 2100, Алматы-Мұнара"...

"БекЭйр 2100, Алматы-Мұнара"...

"БекЭйр 2100, Алматы-Айналыңыз"...

Байланысу нәтижесіз болған соң, диспетчер басқа лайнерлердің ұшқыштарына ескертеді.

"Astana 671, біз Fokker 100 ұшағы қайда екенін білмейміз".

Сосын дабыл қосылады.