Қаза тапқан бойжеткен мен күдіктінің жеңіл ақыл-ой кемтарлығы бар екен
Колледждің екінші курс студенті бойжеткенді сөмкенің бауымен буындырып өлтірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
«Ақтөбе Таймс» газетіне 12 сәуір күні қараусыз қалған ғимараттың маңында Жайсан ауылындағы көпсалалы колледжінде оқиытын 20 жастағы студент қыздың өлі денесінің табылғаны туралы бейресми ақапарат келіп түскен.
Қыздың денесіне сараптама жүргізу барысында адам қолынан қаза тапқаны белгілі болды.
Адам өлтірді деген күдікке – коллеждің 2-курс студенті ілікті. Оған бойжеткенді сөмкенің бауымен буындырып өлтірді деген айып тағылып отыр.
Полиция өкілдері «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.