Терезеден секіріп кетті: Әскери комиссариаттан тағы екі жігіт қашып кеткен

04.05.2021 21:48

Олар Павлодар облысы әкімдігінің аймақтық жиналу пунктінің ғимаратынан заңсыз шыққан

Фото: ашық дереккөзден

Павлодарда әскерге шақырылған екі жігіт терезеден секіріп қашып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv. 

Еліміздің Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі әскери міндеттілер - 1998 жылы туылған Құлниязов Мұхамедкәрім Қайратұлы мен 2001 жылы туған Рүстем Русланұлы Назымбековты әскери қызметтен босатудың заңды негіздері болмағанын хабарлайды. Олар Павлодар облысы әкімдігінің аймақтық жиналу пунктінің ғимаратынан заңсыз шығып кеткен. Қашып кеткендерге қатысты 1 мың айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстары,  400 жүз сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту не 1 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын айыру жазасы берілуі мүмкін. 3-ші қабаттан секіргендердің бірі Павлодар қаласының №1 қалалық ауруханасына түсті. Ол аяғынан жарақат алды, екінші қашқын әлі іздестіріліп жатыр.