Тілсіз жау: Қарағанды облысындағы дала өртінен 150 гектар аумақ күлге айналды

Almaty.tv
Almaty.tv
Өңірге тікұшақ тартылып, отты сөндіруге барлығы 114 адам жұмылдырылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Еліміздің бірқатар өңірінде табиғи өрт басылар емес. Осыдан 2 күн бұрын Шығыс Қазақстанда тұтанған қызыл жалын толық сөнген жоқ, деп хабарлайды Almaty.tv.

Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлағандай, қазір мамандар таулы жердегі ошақтарды өшіріп жатыр. Ол аумақтарға жету қиын болғандықтан, тікұшақпен су тасуда.

– Бүгінгі таңда әуебарлау жүргізіліп, ашық жалын анықталған жоқ. Өрт сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінің 72 адамы, 4 техникасы, авиабөлімшенің 2 тікұшағы жұмылдырылды, – деді Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Серік Амангелдин.

Ал Қарағанды облысындағы дала өртінен 150 гектар аумақ күлге айналды. Бүгінде бұл өңірге де тікұшақ тартылып, отты сөндіруге барлығы 114 адам жұмылды. ТЖМ-ның мәліметінше, қазір 120 гектардағы қызыл жалын өшті. Жалпы 72 тонна су төгілген.  

– Өрт сөндіруге қураған ағаштың көптігі, таулы аймақ, құбылмалы жел, су көзінің алыстығы кедергі келтірді. Бұл қиындықтарға қармастан жұмыс жүргізіліп жатыр, – деді Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Жанна Дәуренбекова.

Новости партнеров