Өз көлігінен табылған: АҚШ-та қазақстандық қызды атып кетті
inform.kz
Жергілікті полицияның ақпаратынша, қыздың мәйіті өз автокөлігінен табылған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Америкада Қазақстан азаматы оқ тиіп, мерт болды. Бұл ақпаратты ҚР Сыртқы істер министрлігі растады, деп хабарлайды Almaty.tv.
«16 ақпанында Миннесота штатының Сент-Пол қаласында Қазақстан Республикасының азаматы белгісіз жағдайда қаза тапты. Жергілікті полиция берген ақпаратқа сәйкес, отандасымыз өз көлігінде оқ жарақатынан көз жұмған», - деп атап өтеді министрліктен.
Ведомство мәліметінше, полиция осы оқиға бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Қылмыс жасады деген күдікті қамауға алынды.
«ҚР консулы марқұмның туыстарымен тұрақты байланыста», - деп нақтылады ҚР СІМ баспасөз қызметінен.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
22.10.2026 08:10
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
23.10.2026 08:10
Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директорын қабылдады
22.10.2026 14:32
Алматының вайбы күзге арналған: тұрғындар қала туралы не дейді
22.10.2026 21:41