Өз көлігінен табылған: АҚШ-та қазақстандық қызды атып кетті

21.02.2022 22:05

Жергілікті полицияның ақпаратынша, қыздың мәйіті өз автокөлігінен табылған

inform.kz

Америкада Қазақстан азаматы оқ тиіп, мерт болды. Бұл ақпаратты ҚР Сыртқы істер министрлігі растады, деп хабарлайды Almaty.tv

«16 ақпанында Миннесота штатының Сент-Пол қаласында Қазақстан Республикасының азаматы белгісіз жағдайда қаза тапты. Жергілікті полиция берген ақпаратқа сәйкес, отандасымыз өз көлігінде оқ жарақатынан көз жұмған», - деп атап өтеді министрліктен. 

Ведомство мәліметінше, полиция осы оқиға бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Қылмыс жасады деген күдікті қамауға алынды. 

«ҚР консулы марқұмның туыстарымен тұрақты байланыста», - деп нақтылады ҚР СІМ баспасөз қызметінен. 

Теги: қыз СІМ