Шымкентте көлік жүргізушісі полицейдің погонын жұлып алған

05.06.2020 21:50

41 жастағы жүргізуші полиция қызметкерінің ар-намысына тиетін балағат сөздер айтып, қорлаған

Фото: ашық дереккөзден

Полицейдің заңды талабына бағынбай, погонын жұлып алған шымкенттік жауапқа тартылып жатыр,  деп хабарлайды Polisia.kz.

27 мамырда Арғынбеков пен Жібек жолы көшелерінің қиылысында жол-көлік оқиғасы орын алған.

«Осы жайт бойынша оқиға орнына барған полиция қызметкерлері «Субару» автокөлігінің жүргізушісін арнайы автокөлікке отырғызып, мастығын куәландыру мақсатында наркологиялық диспансеріне алып бара жатқан уақытта болған. 41 жастағы жүргізуші өз қызметтік міндеттерін атқарып жүрген полиция қызметкерінің ар-намысына тиетін балағат сөздер айтып, қорлап, погонын жұлып алған», - делінген ақпаратта.

Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 378-бабының 1-бөлігі (билік өкiлiн қорлау) бойынша тіркелді.