|
Jol
21.08.2024 | 16:50
1622

Алматыда Тұрғыт Өзал көшесінің бір аумағы жабылады

22 тамыз сағат 23:00-ден 24 тамыз сағат 07:00-ге дейін көлік қозғалысы шектеледі

Алматыда Тұрғыт Өзал көшесінің бір аумағы жабылады elements.envato.com

Тұрғыт Өзал көшесінің бір учаскесіне орташа жөндеу жүргізуге байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Almaty.tv.

22 тамыз сағат 23:00-ден 24 тамыз сағат 07:00-ге дейін Райымбек даңғылынан Төле би көшесіне дейінгі учаскеде қозғалыс жабылады. Бұл аумақты Түркебаев пен Ислам Кәрімов көшелері арқылы айналып өтуге болады.

Жөнделетін аумақта ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс нөмірі жазылған стендтер қойылады. Маршрутыңызды алдын ала жоспарлап алуыңызды сұраймыз.

Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS пен «Яндекс карталар» сервистерінде жазылған.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир