Ақтөбе облысында көлік өртеніп, жүргізуші денесінің 70%-ын күйік шалды

29.08.2022 в 21:51

Оқиға орнына 6 адам мен көлік жіберілді

Ақтөбе облысында автокөлік жарылып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілішсі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Оқиға 29 тамыз күні сағат 9:00-шамасында болды. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөліміне «Авиатор» бау-бақша ұжымында көлік өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына 6 адам мен көлік жіберілді.
"Оқиға орнына барған кезде «Lada Granta» маркалы көлік жарылып, кейін от тұтанғаны белгілі болды. Өрт сағат 09:19-да сөндірілді. Көлік ішінде болған 60 жастағы жүргізуші денесінің 70% күйіп қалды. Жағдайы ауыр",- деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.