Мадина Нұрланқызы ата-анасымен бірге отбасылық бизнеспен айналысқан
Қостанайда із-түссіз жоғалып кеткен кәсіпкер бойжеткен әлі табылмай жатыр деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
22 жастағы Мадина Байзақова қаладан қаңтардың 20 күні шығып кеткен. Туыстарының айтуынша, үйінде ол ешкіммен ұрыспапты.
Мадина арықтау келген, қара көзді қыз. Үстіне шолақ қоңыр түсті тон, қоңыр түсті бас киім мен қара етік киген.
Анасы Айгүлдің сөзінше, Мадина Нұрланқызы ата-анасымен бірге отбасылық бизнеспен айналысқан. Ол Астанаға барып, кейін автобуспен Алматыға шығып кеткен деген болжам бар.
1996 жылы туған Байзақова Мадина Нұрланқызын көрген жан болса 8(701) 777-71-89, 8(701) 777-84-78 телефон номеріне хабарласуды сұраймыз.