Алапат өрт өткен тәулікте басталған
Ресейде 13 мың гектар орман өртеніп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алапат өрт өткен тәулікте басталған. Ресей Федерациясының экология және табиғи ресурстар министрі Дмитрий Кобылкиннің айтуынша 64 орман өрті тіркелген. Сондай-ақ, ол Ресейдің төрт субъектісінде осы өртке байланысты төтенше жағдай режимі енгізілгенін айтты. Қызыл жалынның жалпы аумағы 13 мың гектардан асады. Қазір елдің Байқал, Тыва, Хакасия және Иркутск облыстарында жағдай бақылауға алынған.