LRT қаржысын жымқыру ісі прокуратураға кері қайтарылды
Сот LRT ісі бойынша алдыңғы үкімнің күшін жойды. Осылайша LRT қаржысын жымқыру ісі прокуратураға кері қайтарылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Сотталушылардың қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы өзгеріссіз қалдырылып, судьялар алқасы Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының Аманжолов, Нұрпейісов, Әшім, Ачилов, Қасабаев, Мүсенов, Әбдіхамитовке қатысты 2021 жылғы 28 мамырдағы үкімінің күші жойылды деп шешім шығарды.